Accessibility links

«Инновациялық қызметті қолдау» заңына түзетулер енгізілді


Мәжілістің бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

Заң жобасы Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнаманы жетілдіру, елдегі инновациялық белсенділікті арттыру үшін қажетті жағдай жасау, сондай-ақ ғылымның өндіріспен байланысын нығайту мақсатында әзірленген.

Заң жобасының міндеті гранттар беру, қайтарымды негіздегі және басқа түрдегі шаралар кешені мен инновациялық жобаларды инновациялық институттарды қаржыландыру арқылы мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың нақты тетіктерімен қамтамасыз ету болып табылады.

Сенат енгізген түзетулер заң жобасының жекелеген ережелерін жетілдіруге, оның мазмұнын жақсартуға және нақтылауға бағытталған.
XS
SM
MD
LG