Қырғызстанның бұрынғы қорғаныс министрі Исмаил Исаковтың қылмыстық ісі Прокуратурадан әскери сотқа жіберілді. Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлағандай, Исаковқа 2005-2008 жылы қорғаныс министрі болып тұрған кезде ақшаны өз қалтасына басып, билікті өз мүддесіне пайдаланған деген айып тағылып отыр.
Қырғыз президенті Құрманбек Бакиевті қатты сынаған оппозициялық партия жетекшісі Исаков бұл айыптаулардың саяси астары бар екенін айтады.
Бұл арада Қырғызстанның оппрозициялық жетекшілері мен олардың туыстарына қарсы қылмыстық іс қозғалып, тергеулер болып жатыр. Ел оппозициясы оның саяси қудалау екенін айтады.