Accessibility links

Обама алғашқы бюджетімен таныстырады


Бүгін АҚШ президенті Барак Обама Конгреске өзінің федералды бюджетінің жоспарын ұсынады. Хабарларға қарағанда, АҚШ-тың денсаулық жүйесін реформалаудың көп бөлігін кейінге қалдыратын бюджет 3 триллион доллардан асады. Онда сондай-ақ, байқуатты американдықтар үшін салық ұлғайтылады делініп отыр.
Обаманың Конгреске жолдайтын 2010 жылға арналған бюджеті Буш әкімшілігіндегі көп саясатты өзгертіп, Обаманың сайлау алды науқан кезінде берген уәделерін заңдастырады.
Осы аптаның басында сөйлеген сөзінде Барак Обама бұл қадамдарын “Америка үшін көрініс”, “Біздің болашақ үшін жоспар” деп атаған болатын.
XS
SM
MD
LG