Accessibility links

Хартумда мыңдаған адам әл-Баширді қолдап, шеру өткізді


Бес мыңнан астам адам Судан астанасы Хартумда шеру өткізіп, ел президенті Омар әл-Баширді тұтқындау жөніндегі халықаралық бұйрыққа наразылық танытты.

Оның алдында Омар әл-Башир қылмыстық істер бойынша Халықаралық соттың сейсенбі күнгі шешімін Суданға қарсы астыртын әрекет деп атады. Әл-Башир Суданның Дарфур аймағында адамзатқа қарсы соғыс қылмыстарын жасады деп айыпталуда. Халықаралық соттың бұйрығынан кейін Судан үкіметі Дарфурдан 10 көмек тобын кетіріп, олардың мүліктерін тәркіледі.
XS
SM
MD
LG