Бұл хабар шетте жүрген шешендердің өлімі көбейіп отырған тұста шығып отыр.
YouTube сайтында жарияланған видеожазбада Руслан Халидов деген жігіт өзіне Норвегиядағы шешендер қауымдастығының жетекшісі Магомед Очерхаджиді өлтіруді мәскеушіл президент Рамзан Қадыров тапсырғанын айтты.
Бұл тапсырысты орындамаған Халидов осы іске баруға көндіру үшін өзін азаптап, қинағанын айтады:
“Олар мені түрлі жолдармен азаптады. Олар маған тіпті айтуға ауыз бармайтын, ұят жағдайлар жасады”.
Бұл Халидовтың айтқандары туралы бейнетаспаны YouTube парақшасына шешендердің kavkazcenter.com вебсайты шығарған.
Бірақ оның қайда, қашан жазылғаны белгісіз:
“Олар мені бопсалап видеоаға түсіріп алды. Олар маған егер сен тапсырманы орындамасаң, мұны интернет сайтқа шығарамыз деп айтты.”
Бұл видеожазба шеттегі немесе бұрынғы көтерілісші шешендер шетінен өлтіріліп жатқан тұста жарық көріп отыр.
Соңғы 5 айдың ішінде Түркияда 3 шешен өлтірілді. Екі ай бұрын шетелде бас сауғалап жүрген Рамзан Қадыровтың адам өлімі мен азаптау істеріне қатысы туралы халықаралық сотта куәлік жасамақшы болған Умар Исраилов Австрия астанасы Венадағы үйінің жанында өлтірілді.
Қадыров ол істерге өзінің қатысы бар дегенді жоққа шығарды. Осы жылдың басында Шешенстан президентінің өкілі Лема Гудаев “шешен жетекшісіне қарсы кең көлемді науқан жүріп жатыр” деп сынап, оны “қарулы қылмыстық топтар мен терроризм идеологтарының бастамасымен жасалған астыртын әрекеттер” деп атаған.
Ал Халидов болса өзінің видеожазбадағы мәлімдемесінде өзінің 2005 жылы өлтірілген Аслан Масхадовтың оққағары болған Шаа Турлаевтың немере інісі екенін айтқан. Турлаев кейін жараланып тұтқынға түскен соң, Шешенстанның мәскеушіл науқанына қосылды.
Хабарларға қарағанда, Турлаев 2006 жылы Австриядан саяси баспана алған Умар Исраиловты өлтіру үшін Венаға барып қайтқан.
27 жасар Исраилов кезінде Рамзан Қадыровтың оққағары болған. The New York Times басылымына берген сұхбатында Умар Исраилов бұрынғы жұмысында президент Қадыровтың өзі ұсталған адамдарды қалай қинап, оның біреуі азаптан өліп кеткен жағдайларды айтып берген.
Қаңтардың 31-де The New York Times Ресей премьер-министрі Владимир Путин кеңсесіне хабарласып, Исраиловтың айтқандары турасында Ресей ресмилерімен ол жайлы сұхбат жүргізбек болған. Аталмыш газет Исраиловтың қоғам алдында өзі көрген жайттарды айтып беруге дайын болғанын жазды.
Төрт күннен соң Австрия полициясынан өзін қорғауды сұраған ұсынысы қабылданбай Исраилов Венада атып өлтірілді.
Польша полициясы ақпанның 22-де бұл өлімге қатысы бар деген бір шешенді қамауға алды.
The New York Times газетінің хабарлауынша, шешен президенті Рамзан Қадыров өткен жазда Венаға тыңшысын жіберген. Ол Исраиловты Грозныйға қайтуға көндірмек болған. Кейін ол агент австриялық полиция тергеуіне берген жауабында өзінің Исраиловты қайтарып әкетуді көздеп жүргенін мойындаған. Және де ол Қадыровтың өлтірілетіндер тізімінде 300 шешен иммигранты бар екенін айтқан.
Бейнетаспадағы сөзінде Руслан Халидов өзінің туыс ағасы Турлаев бүгінде Гудермес қаласындағы жеке түрмені басқаратынын айта келіп, онда күдікті деген жауынгерлердің туыстары азапталып жатқанын хабарлады:
“Шаа Турлаев менің нағашы ағам. Оның жеке түрмесінде күдікті деген жауынгерлер азапталады. Олардың әке-шешесі, қарындас-бауырлары да сол жерде. Олар да азапталып жатыр”.
Халидовтың сөзіне қарағанда, Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің нұсқауымен құрылған Қадыровтың "кәсіби киллер" тобын Турлаев басқарып отыр. Ол топтың мақсаты шетелде жүрген шешендерді өлтіру болып табылады.
Халидовтың бұл айтқандары әзірге расталған жоқ.
Алайда Азаттық радиосының Солтүстік Кавказ қызметіне берген сұхбатында Норвегияда тұратын шешен Очерхаджи өзін өлтіру туралы тапсырма алғанын Халидов маған айтып берді дейді:
“Ол маған Қадыров сені өлтіргісі келеді деген хабарлама жіберген соң, мен Халидовпен сөйлесуге бардым. Шындығын айтқанда, мен біраз тосылып қалдым. Оның айтуынша, Қадыров пен оның адамдары мені қауіп ретінде көреді екен. Мен үшін олар Норвегияға келуге қорқады-мыс”.
Халидовтың сөзіне қарағанда, Қадыров оған тағы Норвегия билігімен байланысып, оларға бұл елде тұратын шешендер туралы жалған ақпарат таратуын тапсырған.
Focus басылымының таяудағы хабарына қарағанда, Германия ресмилері осы елде тұратын шешендерді ФСБ өкілдері нысанға алу мүмкіндігін анықтап жатыр.