Accessibility links

Клинтон Түркия басшыларымен кездесуде


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон сенбі күні Анкарада Түркия премьер-министрімен кездесті. Келіссөздерде болашақта Ирақтан АҚШ күштерін шығару мен Түркия-Армения қарым-қатынастары, сондай-ақ Түркияның Ауғанстанға көмектесуі және Таяу Шығыста байбітшілік орнату мақсатындағы Түркияның рөліне қатысты мәселелер талқыланды.

Премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдеуінше, Хиллари Клинтон кешірек Түркияның сыртқы істер министрімен және президентімен кездеспек.
XS
SM
MD
LG