Accessibility links

Әзірбайжан ақпарат құралдары заңына өзгерістер жасалмақшы


Әзірбайжан парламенті бұқаралық ақпарат құралдары заңына өзгерістерді жұмада мақұлдады. Енді ол жоба президент Илхам Алиевтің кеңсесіне соңғы мақұлдауға жіберілді. Бұл жоба бойынша “заңды бұзды” деп есептелген басылым табанда жабылып тасталады. Осы заң қағидаларына қарағанда, аты аталмаған бұлақты қолдану заң бұзушылық боп табылады. Осы таласты заң өз күшіне енгеннен кейін, “заң бұзушыларды” жазалау тәсілі ретінде, кез-келген газет-журналды 2 айға жауып тастауға мүмкіндік туындамақшы, дейді Бакудегі Медиа заң институты өкілі. Сондай-ақ бұл заң қағидалары бойынша, жоғары білімі жоқ адамның газет, журнал ашуына хұқы болмайды.
XS
SM
MD
LG