Accessibility links

АҚШ-тың барлау ресмилері Иранда ядролық өндіріс жоқ деді


Иранда ядролық қару жасауға қажетті ешқандайда жоғары байытылған уран жоқ және оны өндіру туралы әзірге қандайда бір шешімге келген жоқ. Мұндай бағалауды АҚШ-тың барлау ресмилері, Ұлттық барлау қызметінің директоры Деннис Блэйр мен Қорғаныс министрлігінің барлау басқармасының басшысы генерал-лейтенант Майкл Мэплс айтып отыр.
Олар бұл мәлімдемені Сенаттың қарулы қызметтері комитетінің алдында жасады. Және олар сонымен қатар Иранның жақында жасаған зымырандық сынақтары оның ядролық жұмыстарымен тікелей байланысты емес деген.
XS
SM
MD
LG