Accessibility links

Қазақстан ғарышты игеруге 2012 жылдан бастап жыл сайын 25 млрд теңге бөлмек


Бұл туралы бүгін ресми баспасөзде жарияланған Ұлттық ғарыш агенттігінің стратегиялық жоспарында айтылған. Жоспар бойынша, мемлекет ғарыш саласын қаржыландаруға биыл 11,9 млрд теңге, 2010 жылы – 27,2 млрд теңге, ал 2011 жылы – 30 млрд теңге бөледі деп белгіленген.

Сондай-ақ, 2011 жылға дейін KazSat-3 жасанды жер серігін толық жасап шығару көзделген.

Бұдан екі айдай бұрын Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев KazSat-2 жасанды жер серігінің жобасын жетілдіру үшін үкіметтен қосымша ақша бөлуді сұраған болатын.
XS
SM
MD
LG