Наурыздың 16-сынан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары басталады. Бүгін Абу-Дабиде екіжақты келіссөздер өтіп, бірқатар құжаттарға қол қойылмақшы.
Сонымен бірге, наурыздың 16-17-сі күндері Қазақстанның Мәдениет күндері аясында Абу-Даби мен Дубайда қазақстандық өнерпаздардың концерттерін өткізу жоспарланған.