Accessibility links

ЕуроОдақ жетекшілері дағдарысқа қарсы жиын өткізуде


Бүгін Брюссельде Еуропа Одағының жетекшілері экономикалық дағдарысты қалай тоқтатуға болады деген мәселені талқылап жатыр. Екі күндік келіссөздер барысында
Одаққа мүше елдердің жетекшілері сәуірдің басында өтетін “Үлкен-20” саммиті қарсаңында ортақ бір ұстанымға келсек деп отыр.
Хабарларға қарағанда, ЕуроОдақ жетекшілері Халықаралық Валюта қорына көбірек қаржы салуға, қаржы базарларын жақсырақ жүргізуге шақырып, бірақ өз экономикаларына тағы біраз ақша қосуға шақырған үндеулерге қарсылық білдірілуі мүмкін.
Еуропа Одағы алдағы екі жылда экономикасын қайта көтеруге жалпы сомасы 400 млд еуро жұмсайтын болады. Құрама Штаттар бұл әлі де жеткіліксіз деп отыр.
XS
SM
MD
LG