Accessibility links

Қырғыз журналисі: Маған жасалған шабуылдың саяси астары бар


Шілденің 23-де Қырғызстанда президент сайлауы өтеді. Бүгін ел парламентіндегі депутаттардың басып бөлігі осы ұсынысты мақұлдап, дауыс берді. Бейсенбі күні елдің Конституциялық соты қазанның 25-не дейін өткізілуі тиіс деген шешім шығарған болатын. 2005 жылдың шілде айында төртжылдық мерзімге сайланған президент Бәкиев сайлауға қайта түспекші. Оппозиция үкіметті Бәкиевтің қарсыластарына тосқауыл қоюда деп айыптады.

Осы айдың басында соққыға жығылған қырғыз журналисі Сырғақ Абділдаев Ішкі істер министрінің осы шабуылға қатысты жасаған мәлімдемесін айыптады.

Министр Молдомуса Конгантиевтің айтуынша, Абділдаевқа жасалған шабуылды кәдімгі қылмыскерлер жүзеге асырған болуы мүмкін. Оппозициялық Ата-Мекен партиясының жетекші белсенділерінің бірі Жоомарт Сапарбаев Азаттық радиосының қырғыз қызметіне берген сұхбатында ауруханада жатқан журналисттің алдына жұма күні барып қайтқанын айтты. Абділдаевтың мәлімдеуінше, оның барлық мақалалары қылмыскерлер туралы емес саясатқа қатысты болған. Сондықтан ол өзіне жасалған шабуылдың саяси астары бар екенін айтқан.

Наурыздың 6-да бұл журналистті белгісіз бір адамдар ұрып, пышақтап кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG