Accessibility links

 
Қазақстан мен Қытай темір жолдарының шекарасы анықталды

Қазақстан мен Қытай темір жолдарының шекарасы анықталды


Қазақстан мен Қытайдың екінші трансұлттық темір жолының шекаралық түйісетін тұсы 26 наурызда ресми түрде айқындалды, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

Қытайдың темір жолдар министрлігі мен Қазақстанның Көлік және коммуникациялар министрлігінің делегациялары 24 наурызда Қазақстан мен Қытай шекарасындағы №331 шекаралық бағанның жанында кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан мен Қытайдың екінші шекаралық темір жолы түйісетін тұсты бірлесе айқындады. Түйісу нүктесі Қазақстан мен Қытай шекарасындағы ең ірі бақылау-өткізу пунктінде, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағының «Қорғас» шекаралық бақылау-өткізу пунктінің маңындағы №331 шекаралық бағаннан 16 метр жерде орналасқан.
XS
SM
MD
LG