Осыдан 20 жыл бұрын Кеңестер одағында алғаш рет парламенттік еркін сайлаулар болды. Тарихшылардың бағалауынша, ол шын мәніндегі советтік алғашқы демократиялық сайлаулар еді. Себебі бір орынға бірнеше балама кандидаттар таласқан болатын. Ол парламенттің депутаттары Совет үкіметін сақтап қалу туралы алғашқы қарарды қабылдады. Бұл сайлау сондай-ақ тоталитарлық жүйенің құлауына апаратын алғашқы жол еді дейді сарапшылар.