Үлкен 20-лық басшылары саммиті қарсаңында АҚШ президенті Барак Обамамен Лондонда кездескен Ресей президенті Дмитрий Медведев теке-тірестерді шешуде біраз қадамдардың жасалғанын, алайда күрделі сауалдарға байланысты пікір қайшылықтарының сақталып отырғанын мәлімдеді. Саммиттен кейін журналистерге берген сұхбатында Медведев АҚШ-тық әріптесінің жеке қасиеттерінен айрықша әсер алғанын айтты. Қос президент ядролық қаруларды азайтуға бағытталған келісім жобасын әзірлеу үшін ресмилерге нұсқау берісті.