Accessibility links

Қажыгелдин халықты 1 мамырда ынтымақтастық акциясын өткізуге шақырды


Қуғындағы оппозиция көсемі Әкежан Қажыгелдин сәуірдің 3-і күні дағдарысқа және авторитаризмнің нығаюына қарсы бағдарламалық ұсыныстарын айтып, саясаткерлерге ашық хат жолдады.

Қажыгелдин бұл көлемді құжатта биліктің өзіне жақпағандарды қудалауды күшейтіп жатқанын сынап, мемлекетті құтқару үшін бастаманы элитаның өз қолына алуы қажеттігін айтқан. Осы мақсатта Әкежан Қажыгелдин «Азаматтық одақ» бірлестігін құруды ұсынады.

Үндеуінің соңында Қажыгелдин халықты биылғы жылғы мамырдың 1-і күні «жалпыұлттық ынтымақтастық акциясын» өткізуге шақырған.
XS
SM
MD
LG