Accessibility links

Клинтон әйелдердің құқығын шектейтін ауған заңын сынады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Азат Ауғанстан радиосы тыңдармандарының сұрақтарына жауап беріп, әйелдердің құқықтарын шектейтін даулы ауған заңының күші жойылады деп үміттенетінін айтты. Сыншылар әлгі заң шиит мұсылман әйелдерінің құқықтарын шектейді деп отыр. Жексенбі күні Азаттық радиосына берген сұхбатында Хиллари Клинтон шииттердің жеке мәртебесі туралы заңға байланысты алаңдаушылығын білдірді. Бұл алаңдаушылықтарын Клинтон тікелей Ауғанстан президенті Хамид Қарзайға жолдады.

БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссарының айтуынша, әлгі заң ауған шиит әйелдерінің күйеулерінің рұқсатысыз білім алуларына немесе жұмыс істеулеріне тыйым салады.
XS
SM
MD
LG