Accessibility links

Италиядағы жер сілкінісінен150-ден астам адам қаза болды


Орталық Италиядағы жер сілкінісінен 150-ден астам адам қаза болып, мың жарым адам жарақаттанды, — деп мәлімдеді премьер-министр Сильвио Берлускони.

Абруззо таулы ауданындағы елдімекендерде үйлердің бәрі қирап қалған. Құтқару қызметінің өкілдері қирандыларды қазып, тірі қалғандарды әлі де іздестіруде.

Сильвио Берлускони Абруззо аумағында төтенше жағдай енгізілетінін жариялап, Мәскеуге баратын жұмыс сапарын кейінге қалдырды.

Италияда соңғы 30 жылдағы ең күшті жер сілкінісі ретінде тіркелген Рихтер бағанымен 6,2 баллдық бұл зілзала дүйсенбіге қараған түні орын алды.
XS
SM
MD
LG