Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Омарова оралмандарға арналып бөлінген бюджеттің миллион теңгесін иемденуге қатысты күдікті саналып отыр, — деп хабарлайды ҚазТАГ.
«Аталған ауданның Көкжайық ауылдық округіне квота бойынша көшіп келген оралмандардың шағымына қатысты тексеру жүргізген прокуратура аудандық шенеунік А.Омарованың алаяқтығын әшкереледі. Сондай-ақ алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұдан жарты жыл бұрын бес оралман заң бойынша тиісті бір жолғы жәрдемақыларын алған. Бірақ қызмет бабын пайдаланған бас маман әрбір қоныстанушыдан алдау арқылы 100 мың теңгеден жинап алған және келесі күні тағы бір оралманнан 500 мың теңге «қарыз» алған. Тексеру кезіне дейін А.Омарова «қарызға» алған миллион теңгесін қайтармаған.