Accessibility links

Иран американдық журналисті тыңшылық жасады деп сотқа тартты


Иранның сот билігі қаңтар айында ұсталған иран текті американ журналисі тыңшылық жасағаны үшін сотқа тартылды деді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында сот өкілі Алиреза Жамшиди хабарлап, журналист Роксана Саберидің соты дүйсенбі күні өтті, енді оған жақын күндері үкім шығады деп айтты.
Иран билігі басында АҚШ-та дүниеге келген Сабериді журналистік куәлігінің мерзімі өтіп кеткен соң заңсыз жұмыс істеді деп айыптаған болатын. Кейін оған шпиондық жасады деген айып тағылды.
АҚШ департаменті журналист Роксана Сабериге тағылған айыптар “негізсіз” деп отыр.
XS
SM
MD
LG