Accessibility links

Молдовада дауыстар қайта саналып жатыр


Молдова билік орындары даулы парламенттік сайлаулардағы дауыстарды қайта санап жатыр. Президент Владимир Воронин саяси тұрақтылықты қайта қалпына келтіру мақсатында дауыстарды қайта санауға шақырған болатын. Сайлауда коммунистердің жеңіске жетуіне байланысты елде наразылық шарасы орын алды.

Сәуірдің 5-і күнгі сайлауда заңбұзушылықтар болды деп айыптаған оппозиция дауыстардың қайта саналуына бойкот жариялап, жаңа сайлау өткізуге шақырды. Сайлау комиссиясы ресми нәтижелерді жұма күні жариялауды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG