Accessibility links

Беларусь жетекшісі Италияға барады


Беларусь президенті Александр Лукашенко осы айдың соңында Италияға сапармен барып, Рим папасымен кездесуді жоспарлап отыр. Рейтерс агенттігі Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттинидің «Лукашенко сәуірдің 26-да Италияға келгенде мен оны қабылдамақшымын» деген сөзін келтіріп отыр.
Ватиканның хабарлауынша, Рим папасы Бенедикт Лукашенкомен сәуірдің 27-де кездеседі.
Батыс елдері Беларустегі адам құқтарының бұзылуын айыптап, президент Лукашкенконың Еуропа Одағына баруына тыйым салған.
Оның Батыс елдеріне соңғы ресми сапары 1995 жылы Францияға болған. Содан бері ол Нью-Йорктегі БҰҰ-ның жиындарына қатысқан, Еуропаның кейбір елдеріне бейресми сапармен барған.
XS
SM
MD
LG