Accessibility links

Г. Марченко: банктердің сыртқы қарыздарының мәселесі шілде айында шешілуі мүмкін


ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконың есептеуінше, қазақстандық банктердің сыртқы қарыздарының мәселесі 2009 жылдың шілде айында шешімін табуы мүмкін.

«Өздеріңіз білесіздер, БТА және Альянс банктерінің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жөнінде келіссөздер жүргізілуде, сондықтан сыртқы қарыздар мәселесі шілде айында шешіліп қалуы мүмкін. 2007 жылы сыртқы қарыздар 50% -ға, яғни 56 миллиард долларға дейін азайған болса, қазір 26 %-ға дейін азайып отыр, екінші тоқсаннан кейін банктер бұл қарыздарды өтей бастайды деп есептейміз», — деді Г. Марченко.
XS
SM
MD
LG