Түркменстан астанасы Ашхабатта халықаралық энергия қауіпсіздігі конференциясы ашылды. Түркмен үкіметі ұйымдастырып отырған бұл жиынға Ресей, АҚШ, ЕуроОдақ елдерінің бизнес және үкімет делегациялары қатысуда. Күн тәртібінде батыс нарықтарына Каспий аймағынан энергия көздерін тасымалдауға қатысты мәселелер тұр.
Орталық Азияның ең ірі газ экспорттаушысы Түркменстан көгілдір отынының басым бөлігін Ресей құбырлары арқылы сатады. Бірақ Еуропа елдері мен АҚШ Ресей мен Украинаны айналып өтетін экспорт жолдарын зерттеуді қолдап отыр.