Ақ үй жанындағы ұлттық экономикалық кеңестің басшысы Лоуренс Саммерс американдық экономиканың «толассыз құлдырауы» тоқтап, жағдай жақсара түсті деп мәлімдеді.
Танымал экономистің айтуынша, «бұдан 6-8 апта бұрын ешқандай жағымды белгілер байқалмаған. Қазір нарықта түрлі тенденциялар белең алған».
Сондай-ақ ол қазіргі нарықта жағымды және жағымсыз белгілер бірдей көрінуде және жақын болашақта олардың қайсысы жеңетінін айту қиын. Бірақ банк секторының нақты қорының жеткіліктілігі оң өзгерістер әкеледі дей келе итальяндық Fiat пен американдық Chrysler-дің арасындағы стратегиялық альянстың орнайтынына сенім білдірді.
АҚШ экономикасы 16 айдан бері рецессияны бастан кешуде, 2008 жылдың IV тоқсанында соңғы 26 жылдағы күрт құлдырау болып саналатын 6,3% жылдық көрсеткішке түсті.