Accessibility links

Қазақстанға БҰҰ-ның арнайы елшісі келеді


ҚР үкіметінің шақыруымен Қазақстанға 5 -14 мамыр аралығында БҰҰ-ның азаптауларға қарсы арнайы елшісі Манфред Новак ресми сапармен келеді.

Қазақстанға ақпарат жинау мақсатында келетін елші үкімет мүшелерімен, адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттар және халықаралық қауымдастықтар, сондай-ақ БҰҰ өкілдерімен кездесіп, түзету мекемелерінде болады. Сапар аясында жиналған ақпараттар өз ұсыныс-қорытындыларымен қоса адам құқықтары жөніндегі кеңестің есебінде көрініс табады.

Манфред Новак 2004 жылдың 1 желтоқсанында өткен БҰҰ комиссиясында арнайы елші болып тағайындалған. Ол өз мандаты бойынша еш үкіметке тәуелсіз әрекет етеді. БҰҰ –ның адам құқықтары жөніндегі кеңесі қабылдаған бұл мандат азаптауларға қарсы конвенцияны ратификацияламаған елдерді қоса алғанда барлық мемлекет үшін жарамды.
XS
SM
MD
LG