Accessibility links

Бұрынғы Юкос адвокаты түрмеден босатылды


Бұрынғы Юкос мұнай компаниясының адвокаты Светлана Бахмина Мәскеу сыртындағы түрмеден азат етілді. Бұл туралы дүйсенбі күні оның күйеуі хабарлады. Бахмина заңсыз ақшаны иеленді және салық төлеуден бас тартты деген айып бойынша 6,5 жылға түрмеге жабылған болатын. 2008 жылдың аяғында ол абақтыда босанды. Бахминаның аяғы ауыр кезінде қамауға алынуы адам құқықтарын қорғаушылардың ашу-ызасын келтірген болатын.
XS
SM
MD
LG