Accessibility links

ҚР Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ өкілімен кездеседі


Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры (ДИАҚБ/ЕҚЫҰ) Янеш Ленарчичпен кездеседі.

Кездесуде Қазақстанның ДИАҚБ-мен ынтымақтастық жағдайы және елдің 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезіндегі қызметінің басым бағыттары талқыланатын болады.

Бұл Я.Ленарчичтің 2008 жылғы шілде айында ДИАҚБ директоры болып тағайындалғаннан бергі Қазақстанға жасаған тұңғыш сапары.
XS
SM
MD
LG