Қазақстан парламентінің төменгі палатасы мәжілісте интернетті БАҚ ретінде танитын заң жобасы мақұлданды.
Азаттық тілшілерінің хабарына қарағанда, бұл заң жобасында интернет жүйесіндегі бұлақтар ақпарат құралдары ретінде қаралып отыр. Оған қоса бұл заң қабылданса, Бас прокуратура егер ақпараттар заңға қайшы деп тапса интернет кеңістігі арқылы ақпарат тарату көзіне тосқауыл қоя алады.
Бүгін “Еркін интернет үшін” деп аталған қозғалыс белсенділері наразылық ретінде мәжіліс спикері Орал Мұхамеджановқа компьютердің шынжырмен құрсауланған клавиатурасын қапқа салып жолдаған.
Әділ сөз қорының президенті Тамара Калееваның айтуынша, егер заң жобасын сенат мақұлдап, президент оған қол қоятын болса билік хабар тарататын елдегі ақпарат көздерімен қатар шетелдік интернет басылымдарды сүзгіден өткізіп отыратын болады.