Бүгін Әзірбайжан астанасы Бакудегі университетте орын алған атыстан 13 адам қаза тапты деп хабарланып отыр. Бас прокуратураның хабарлауынша, Әзірбайжан мемлекеттік мұнай академиясында бір адам оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушы өзін-өзі өлтірген. Бірақ ресмилердің мәлімдеуінше, оны қауіпсіздік күштері өлтірген. Кей хабарларға қарағанда, бұл оқиғада бірнеше шетел студенті опат болған.