Ресей полициясының хабарлауынша, Дағыстандағы қақтығыстан бір адам қаза тауып, 4 кісі жарақат алған. Дағыстан полициясының баспасөз хатшысы Марк Толчинскийдің айтуынша, сенбі күнгі күрес жарысының қорытындысына байланысты шыққан дауға орай екі ауылдың тұрғындары арасында зорлық-зомбылық орын алған. Адамдар мылтық және пышақтармен қаруланған еді, осы тәртіпсіздік әрекеттеріне араласпақшы болған бір полиция қызметкері қатты жараланды дейді Толчинский. Ондаған адам қамауға алынды деп хабарланып отыр.