Ливияда НАТО ұшақтарының әуеден соққы бергеніне қарамастан Муамар Каддафидің әскери күші өздері қоршап алған Мисурата қаласын атқылауды жалғастырды. Сейсенбі күні олар қаланы қорғап тұрған көтерілісшілерге жәрдем жеткізілетін қала портын атқылаған.
Ұлыбритания қорғаныс министрі Лайам Фокс кеше Вашингтонда, Мисурата ауданында НАТО күштері мен көтерілісшілердің іс-қимылында ілгерілеушілік бар деп мәлімдеді. Фокс пен АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс жақында Муамар Каддафидің Триполидегі резиденциясына әуеден берілген соққы орынды болды, өйткені Ливия әскері сол жерден басқарылады деп айтты.
Сейсенбі күні НАТО-ның Ливиядағы операциясын сынап сөйлеген Ресей премьер-министрі Владимир Путин Триполиді бомбалауды Каддафиді өлтіруге жасалған әрекет деп бағалап, ондайға жол беруге болмайды деп мәлімдеді.