Accessibility links

"Әл-Қаида" күдіктіге Германияда шабуыл жасауды бұйырған


Германия прокурорларының айтуынша, «Әл-Қаида» мүшелері деген күдікпен ұсталған үш адамның біреуіне осы лаңкестік топтың жетекшілерінің бірі Германияда шабуыл жасауды бұйырған.

Германия бас прокурорының орынбасары Райнер Гриесбаум сенбі күні журналистердің алдында сөйлеген сөзінде 29 жастағы күдікті Абделаким әл-К-ға «Әл-Қаиданың» басшыларының бірі 2010 жылы Германияда шабуыл жасауға бұйрық берген деп атап көрсетті. Гриесбаумның мәлімдеуінше, күдіктілер шабуылды жүзеге асыру үшін жарылғыш заттарды дайындай бастаған бірақ нысанаға алынатын жерді таңдамаған.

Полиция басшысының хабарлауынша, Абделаким әл-К 2010 жылдың қараша айынан бері Германияда заңсыз тұрған және оның Австрия, Марокко, Косово, Иран елдерімен байланыстары болған.
XS
SM
MD
LG