Ақ үйден хабарланғандай, Құрама Штаттарға тыңшылық жасады деп түрмеге жабылған американдық журналист Роксана Сабериді Иран босатқаны туралы хабарды президент Барак Обама көңілі жай тауып, оң қабылдады.
Ақ үй өкілі Роберт Гиббстің айтуынша, Иран ислам республикасы 32 жасар Сабериді түрмеден шығару арқылы қайырымдылық әрекет жасап отыр.
Дүйсенбі күні Иранның апелляциялық соты Саберидің үкімін шартты түрдегі екі жылға қысқартып, тегі ирандық американ журналисін қамаудан босатқан. Басында Сабери АҚШ-қа шпиондық жасады деген айыппен 8 жылға түрмеге жабылған еді.