Accessibility links

Мұнай бағасы көтерілді


«РосБизнесКонсалтинг» агенттігінің мәліметінше, 18 мамыр, дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша жетекші мұнай биржаларындағы баға көтерілген.

Агенттіктің ақпаратына сәйкес, алдағы айға мұнай фьючерсінің бағамы мынадай болды: Лондондағы InterContinental Exchange Futures биржасында- IPE Brent Crude Futures Electronic мұнайының бір баррелі — 58,47 доллар (+2,49); Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange биржасында- Light, Sweet Crude Oil мұнайының бір баррелі үшін баға- 59,03 доллар (+2,69).
XS
SM
MD
LG