Accessibility links

АҚШ-тың ұлттық мұрағатынан Билл Клинтон әкімшілігі туралы ақпараттары бар диск жоғалды


АҚШ-тың ұлттық мұрағатынан бұрынғы президент Билл Клинтон әкімшілігінің қызметкерлері туралы көптеген мәліметтер сақталған қатқыл диск жоғалып кеткен. Онда Ақ үй мен Құпия қызметтің жұмысы және әлеуметтік қамтамасыз ету орындарының мекен-жайлары мен телефон нөмірлері сияқты ақпараттар сақталған, — деп хабарлайды Associated Press.

Ұлттық мұрағаттың ресми өкілі Сьюзан Купердің айтуынша, аталған ведомство дискідегі ақпаратта аты аталғандарға бұл жайды жария етпек, қазіргі уақытта Б.Клинтон өкілдері құлақтанған, бірақ бұл тізімде экс-президенттің бар-жоғы белгісіз.

Агентттіктің мәліметінше, федералды зерттеу бюросы қылмыстық зерттеуге кіріскен, ал жоғалған дискінің көлемі 1 терабайт.
XS
SM
MD
LG