Оппозициялық бағыттағы, тіркелмеген «Алға» партиясы мен Қазақстанның Коммунистік партиясының жетекшілері ЕҚЫҰ –ны Қазақстанның ЕҚЫҰ –ға төрағалық етуі туралы шешімді кейінге қалдыруға шақырды.
Бұл Үндеуді жасауға Алматы әкімшілік сотының «Алғаның» үйлестіру комитетінің төрағасы В. Козловты тіркелмеген партияға басшылық етті деп айытпауы себеп болып отыр. Бұған қоса сот В. Козловты 130 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеген.
Партия төрағалары бірігіп жасаған мәлімдемелерінде Қазақстанда 2008 жылы қабылданған «БАҚ туралы», «Сайлау туралы», «Саяси партиялар туралы» жаңа заңдар «елдегі авторитарлық билікті одан сайын қатты қорғаштап отырғанын» айтады.
Оппозиционерлердің пікірінше, адам құқын қорғаудағы жағымсыз өзгерістері артып отырған Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төраға болмауы керек.