Ингушетияда орын алған жарылыстан Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің қызметкері қаза тапты. Жергілікті ФСБ баспасөз хатшысының хабарлауынша, Ингушетиядағы Федералды қауіпсіздік қызметінің заңды істер бөлімі басшысының орынбасары Магомед Тоховтың көлігі Назран қаласында жарылған. Тохов осы жылы Ингушетияда өлтірілген ФСБ-нің 5-ші қызметкері болып отыр. Бұл аймақта құқық қорғау органдарының ресмилері мен үкімет өкілдеріне жиі шабуыл жасалады.