Бұрынғы Совет одағының жетекшісі Михаил Горбачев өз билігі кезінде қол жеткізген демократиялық жетістіктерді Ресейдің қазіргі жетекшілер кері кетірді деп сынап отыр.
Бүгін ол бұл туралы Мәскеуде демократиялық жолмен бірінші рет сайланған совет парламентінің 20 жылдығына орай өткізген баспасөз мәслихатында айтты. Кремль билігін күшейтіп, оппозицияны басып тастауда деген сын айтты Горбачев.
Ол Ресейдің билікке жақын Единая Россия партиясын сынға алып, бірақ ол партияның жетекшілері қазіргі президент Дмитрий Медведев немесе премьер-министр Владимир Путин туралы ештеңе айтпады.