Бүгін түнде «Казатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев тұтқынға алынды, деп хабарлады Азаттық радиосына оған жақын екі адам. Алайда ресми мекемелер әзірге бұл жайында ештеңе айтпай отыр. Мұхтар Жәкішевтің өзімен байланысу мүмкін болмады. Оппозициялық «Республика» басылымы жұма күнгі санында М.Жәкішевтің жұмыстан босатылғаны туралы мақалада оның тұтқындалғаны жөнінде жалғыз сөйлеммен хабарлапты.
Мамырдың 21-і күні «Казатомпром» компаниясы басқармасының төрағасы қызметінен бас прокуратураның ұсынысы негізінде босатылған Мұхтар Жәкішев биылғы ақпан айының басында БТА-банктың басшылығынан алынған соң шетелге кеткен Мұхтар Әблязовтың жақын серігі.