Ол соңғы 25 жылдан аса уақыт ішінде бұл елге АҚШ тарапынан барып отырған жоғары мәртебелі алғашқы қонақ екен. Байден екі аптадан кейін болатын парламенттік сайлау қарсаңында Ливанға осы сапарын жасап отыр. Жаңа сайланғандар қазіргі Ливан парламентінде көпшілік боп табылатын, анти-сирияшыл депуттар орнын басатын болады. Анти-сирияшыл бұл депутаттар-құрамында Хизбулла тобы бар одаққа қарсы. Вашингтон Хизбулла тобын лаңкестік ұйымдар тобына жатқызған болатын. Ол одақ Байденнің бұл сапарын Ливанның ішкі ісіне араласу деп айыптаған еді. Алайда АҚШ вице-президенті бұл елге қандайда бір партияны қолдау үшін бармағанын мәлімдеді.