ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Израиль мамандары Қазақстанға тасымалданған әскери техникалардың ақауларын қалпына келтіру жұмыстарына кірісті.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жақында ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметов Израиль Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен келіссөз жүргізген. Келіссөз барысында Қазақстанға Израилдің IMI» және «Soltam Systems Ltd» компаниялары әкелген қару-жарақтар жөнінде сөз болған.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «ІМІ» және «Soltam Systems» компаниялары тасымалдаған қару-жарақтардың ақауларына байланысты аталған компаниялардың ресми өкілі Борис Шейнкманның ісі бойынша ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қажымұрат Маерманов айыпталып, қамауға алынған еді.