Франция Атлант мұхитына құлаған ұшақты табуға көмектесу үшін ядролық сүңгуір қайығын жіберді. «Эйр-Франс» компаниясының ұшағы дүйсенбі күні апатқа ұшырап, ішінде болған 228 адам қаза тапқан болатын. Қазір ұшақтың қара жәшіктері іздестіріліп жатыр. Франция билігі ұшақ апатына байланысты ресми түрде тергеу ісін бастады.