Accessibility links

Харири Ливан сайлауында жеңіске жеткенін айтуда


Саад Харири-қастандықпен өлтірілген бұрынғы үкімет басшысы Рафик Хариридің баласы. Ол жексенбідегі парламенттік сайлаудан кейін өз жақтастарына арнаған сөзінде өзінің батысшыл коалициясының жеңіске жеткені жөнінде мәлімдеген болатын. Ливанда өткізілген сауалнама бойынша да ол коалиция 128 орындық ассамблеяның 70 орынын иеленеді деп болжам жасалған еді. Аталған болжам бойынша Иран мен Сирияның қолдауындағы Хизбулла және оның одақтастары 58 орынға қол жеткізеді деп күтілген болатын. Ресми қортынды бүгін кешке белгілі болмақшы. Дауыс беруге сайлаушылардың 52-ден көп пайызы қатысқан екен.
XS
SM
MD
LG