Accessibility links

Егін өнімділігі былтырғыдан 15-20% артық болады деген болжам айтылды


Биыл Қазақстанда егін жинау өнімділігі өткен жылғымен салыстырғанда 15-20% -ға артық болады деп есептейді ҚР ауылшаруашылық вице-министрі Арман Евниев.

«Егер табиғат тосын мінез танытпаса, онда өткен жылғыдан 15-20 пайыз артық өнім аламыз деуге негіз бар. Қыста жиналған ылғалдың қоры мен көктемгі жауынды ескере отырып, жаз айларында жауын-шашын түспесе де егін шығымы жаман болмайды деп айтуға болады», — деді ол.

Ағымдағы жылы Қазақстанда егістік көлемі 17,8 миллион гектарды құрап отыр, бұл былтырғыдан 1,0 миллион гектарға артық.

ҚР статистика агенттігінің мәліметінше, өткен жылы егін өнімінің таза салмағы 15,6 миллион тоннаға жуық болса, оның экспорттық әлеуеті 6 миллион тоннаға жуық болған.
XS
SM
MD
LG