Accessibility links

Қазақстанға биыл күзде Франция президенті келмек


Франция президенті Николя Саркози Қазақстанға биыл күзде келетін болды, — деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметі.

Француз жағының бастамасы бойынша Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция президенті Николя Саркози телефон арқылы сөйлесті. Телефон арқылы әңгімеде екі мемлекет басшысы Қазақстан-Франция ынтымақтастығының перспективаларын талқылады. Қазақстан экономикасына салынған француз инвестициялары деңгейінің ұлғайғандығы мен өзара сауда-саттық көлемінің едәуір артқаны атап өтілді.

Нұрсұлтан Назарбаев «Эйр Франс» компаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Николя Саркозиге және бүкіл француз халқына көңіл айтты.

XS
SM
MD
LG