Accessibility links

Ауған президенттігіне 41 үміткер тіркелді


Тамыздың 20-да болатын Ауғанстан президенттік сайлауына үміткерлер қатарында қазіргі президент Хамид Қарзай да бар. 2004 жылы өткізілген алғашқы президенттік сайлауға 18 үміткер қатысқан еді. Тәуелсіз сайлау комиссиясының айтуынша, бұл жолғы үміткерлердің барлығы бірдей президенттік қызметке лайық болмауы да мүмкін. Олардың кейбірінің басқару тәжірибесі немесе білімі жетіспей жатады. Алайда сайлау заңы бойынша үміткерге қойылатын талап деңгейі жоғары емес, дейді сарапшылар.
XS
SM
MD
LG