Accessibility links

Жақсыбай Бәзілбаев «Нұр Отан» ХДП-ның мүшелеріне хат жолдады


ҚР президенттігіне екі рет кандидат болған қоғам қайраткері Жақсыбай Бәзілбаев «Нұр Отан» ХДП-ның мүшелері: Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, президент әкімшілігінің жетекшісі А. Мусин, ҚР премьер-министрі К.Мәсімов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Амангелді Шабдарбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтердің атына хат жолдады.

Ж. Бәзілбаевтің ҚР премьер-министрі К.Мәсімовтің блогында жарияланған жазбасында былай делінген: «Маған Алматы қаласының бұрынғы әкімі В. Храпунов пен оның әйелі Л. Храпунованың іс-әрекеттерін зерттеуді қажет ететін бір материал келіп түсті. 23 мамыр күні мен ол материалды қалалық прокурорға өз қолыммен тапсырдым және Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қ. Мәмидің атына тапсырысты хат ретінде жолдадым. 30 мамыр күні ҚР президенті Н. Назарбаевты осы материалмен хабардар етуді сұрап, премьер-министр К.Мәсімовке жеделхат салдым.

8 жыл бойы Алматы әкімшілігі жер мен жылжымайтын мүлікті тек Храпуновтардың отбасына ғана арнап бөлгендей. Ал бұл кезде қарапайым халықтың Алматыдан 6 сотық та жер ала алмағаны белгілі, бұған 25 адамды соттап, қан төккен Бақай мен Шаңырақ оқиғасы мысал болады. Меніңше, бұл қайта қарауды талап ететін мәселе.

Өз әріптестеріммен бірігіп, осы оқиғаны бақылауға арналған қоғамдық штаб құрамыз. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтен осы жер мен мемлекетті қымбат санайтын халыққа арнаған мәлімдемемді арнау үшін маған мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарынан уақыт бөлуді сұраймын. Мен бұл мәлімдемем арқылы ҚР мемлекет басшысы Н. Назарбаевқа көмектескім келеді».
XS
SM
MD
LG