Accessibility links

МАГАТЭ басшысы АҚШ-Иран диалогы болады деп үміттенеді


Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің басшысы Мохамед Әл-Барадей Теһранның ядролық мәселесі мен тағы басқа тақырыптар бойынша Иран мен АҚШ арасында диалог болады деп үміттенеді. Бұл туралы ол дүйсенбі күні Венада өткен МАГАТЭ жиынында мәлімдеді. БҰҰ-ның Теһран уран байыту бағдарламасын тоқтатуы тиіс деген талаптарын Иран жоққа шығарып келеді.

Өткен аптада президент болып қайта сайланған Махмуд Ахмадинежад ядролық мәселеге қатысты өзінің саясатын өзгертпейтінін мәлімдеген болатын.

АҚШ пен оның одақтастары Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді, ал Иран бұл айыптауларды жоққа шығаруда.
XS
SM
MD
LG