Accessibility links

Қазақстан мен Бразилия мемлекет басшыларының келіссөздері басталды


Бүгін Астанада ҚР мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бразилия Федеративтік Республикасының президенті Луис Инасиу Лула да Сильваның келіссөздері басталды.

Келіссөздер барысында сауда экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесі қаралуда. Қазақстан мен Бразилияның тауар айналымының көлемі 2008 жылы екі есеге артқан, яғни 275 миллион АҚШ долларын құрады. Оның 26 миллионнан астамы экспортты, ал 250 миллион долларға жуығы импортты құрайды.

Қазақстан президенті еларалық іскерлік байланысты арттыру үшін сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия құруды ұсынды.
XS
SM
MD
LG